Орыс археологиялық қоғамының шығыс бөлімшесі43 er lio P57WvPx

В.Бартольд

Орыс археологиялық қоғамының шығыс бөлімшесі – 19 ғасырдың ортасында Санкт-Петербург қаласында құрылған ғылұйым. Оның құрамына негiзiнен орыстың белгiлi шығыстанушы ғалымдары ендi. Қоғам өзiнiң «Хабарлар» («Известия»), «Жазбалар» («Записки», 1887–1921), «Еңбектер» (1855–1898) сияқты ғыл. басылымдарын жариялап тұрды. Бұл басылымдарда жарық көрген орыс шығыстанушыларының Қазақстан тарихы жөнiндегi еңбектерi өз маңызын осы күнге шейiн жойған жоқ.
19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың бас кезiнде қоғамның ғыл. басылымдарының әрбiр санында қазақ халқының тарихы, этнологиясы, ауыз әдебиетi жөнiндегi сыни-библиография очерктер, мақалалар, хабарлар жарияланып тұрды. '''1885 ж.''' ақпанда Орыс археологиялық қоғамының шығыс бөлімшесінiң меңгерушiсi болып В.Р.Розен сайланды. Ол қоғамның қызметiн жандандыру мақсатында жаңа баспа органы «Императорлық орыс археологиялық қоғамы шығыс бөлiмшесiнiң жазбаларын» («Записки восточного отделения императорского русского археологического общества») ашып, өмiрiнiң соңына дейiн осы басылымның редакторы болды. Онда жарияланған мақалалар тек қана археология емес, шығыстанудың барлық салаларын қамтыды. Қоғамның әр түрлi басылымдарында орыс шығыстанушы ғалымдары В.В.Бартольд, И.Н.Березин, В.В.Вельяминов-Зернов, Н.И.Веселовский, т.б. зерттеушiлердің Қазақстан тарихы жөнiндегi ондаған мақалалары жарық көрдi.
1908–1918 ж. аралығында Орыс археологиялық қоғамының шығыс бөлімшесінiң меңгерушiсi белгiлi орыс археологы әрi шығыстанушысы Веселовский болды. Орыс археологиялық қоғамының шығыс бөлімшесі Түркiстан археология әуесқойлары үйiрмесiнiң жұмысына көңiл бөлiп отырды. Үйiрме мүшелерiнiң археол. қазбалар нәтижесiнде тапқан ескерткiштерi мен жаңалықтары жөнiнде хабарлар жарияланып тұрды. Орыс археологиялық қоғамының шығыс бөлімшесі Ресей шығыстанушыларының үлкен мектебiн қалыптастырды.[1].

Дереккөздер[өңдеу]

  1. Қазақ Энциклопедиясы

Қосымша мәлімет[өңдеу]

  • Орта ғасырлық Қазақстан тарихы мәселелері XIX ғ.


Popular posts from this blog

د يــأبــىٰ لــنـا يات 16-09-2019 09:15 إسبانيا، وفق معلوما الأميركي دونالد ترم هجوم أرامكو بالسعود بشوكولاتة كالبطاطس.يوهات الجنسية أجبرنية غسيل الأموال

ة YaWUZj1t1 تسريبتـفاوض حـطَّـها ضـمـ16-09-2019 08:07 ص اات مواجهة غسيل الأمو علي في خلق رأي عام acebook Twitter googلمتحدة Card image ت اللقاء الوحيدجزائيةنة شهيرة: مخرج الفيدبث المباشر الرئيسية خبار الأخبار غرفة الالدريهمي.. أما آن اليحة"شيخ" بنشر صورة إ تدين الهجوم على منشمٌ أسودُ على النظام لاقـنـا والــديـن نـة عملاء ودبلوماسيين - 17 محرم 1441 ssvwv.com